Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент

Білім бағдарламасының мақсаты - аталған бағдарлама  денсаулық сақтау саясатының денсаулық сақтау ұйымдарының әр түрлі құрылымдарын тиімді басқару мақсатында қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында бизнес-дағдыларын қолдануға дайын түрлі мамандықтар мамандарын дайындау.

"Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент" бағдарламасының өзектілігі- денсаулық сақтау жүйесінде бас дәрігерлер, экономистер, инженерлер, заңгерлер, биологтар, экологтар және басқа да қызметкерлердің  кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Талапкердің кәсіби қызметі: қоғамның денсаулығын сақтау мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру. Кәсіби қызметінің объектілері мыналар болып табылады: халық, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін өзара әрекеттесетін ұйымдар.

Магистрлік бағдарлама мақсаты:

Мақсатты аудитория

  • медицина мекемелердің басшылары, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың және кәсіпорындардың басшылары, бүгінде экономика және менеджмент саласында кәсіби қайта даярлауға мұқтаж орта буын.
  • бөлім меңгерушілері.
  • медициналық ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын жоғары медициналық білімі жоқ мамандар.

Магистрлік бағдарлама түлектері:

 білуге:

- өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;

- халықтың денсаулық жағдайын және эпидемиологиялық жағдайын бағалауды ұйымдастыру;

- қоғамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және ұйымдастыру;

- медициналық көмек көрсету сапасын бағалауды ұйымдастыру.

істеуі тиіс:

- медициналық-әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізу;

- қоғамдық денсаулық сақтау саласында менеджменті ұйымдастыру, денсаулықты қорғау және жақсарту іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;

- медициналық ұйымдардың қызметіне жаңа медициналық-ұйымдастырушылық технологияларды ендіру кезінде қауіп-қатерін бағалауға қатысу;

- ғылыми-өндірістік және жобалау құжаттамаларын дайындау және рәсімдеу;

игеру:

- денсаулық сақтау ұйымдарында кәсіби мәселелерін шешу кезінде қазіргі заманғы білім және ғылым жетістіктерін пайдалану әдістерін;

- денсаулық сақтау ұйымдарында менеджмент саласындағы өзінің кәсіби қызметінің біліктілігін арттыру;

- өз қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін;

- кәсіби бағытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәтіндермен жұмыс жасауды.


Last modified: Wednesday, 30 November 2016, 9:14 AM