Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент
Білім бағдарламасының мақсаты - аталған бағдарлама денсаулық сақтау саясатының денсаулық сақтау ұйымдарының әр түрлі құрылымдарын тиімді басқару мақсатында қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында бизнес-дағдыларын қолдануға дайын түрлі мамандықтар мамандарын дайындау.
"Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент" бағдарламасының өзектілігі- денсаулық сақтау жүйесінде бас дәрігерлер, экономистер, инженерлер, заңгерлер, биологтар, экологтар және басқа да қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Талапкердің кәсіби қызметі: қоғамның денсаулығын сақтау мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру. Кәсіби қызметінің объектілері мыналар болып табылады: халық, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін өзара әрекеттесетін ұйымдар.
Магистрлік бағдарлама мақсаты:
Мақсатты аудитория
- медицина мекемелердің басшылары, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың және кәсіпорындардың басшылары, бүгінде экономика және менеджмент саласында кәсіби қайта даярлауға мұқтаж орта буын.
- бөлім меңгерушілері.
- медициналық ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын жоғары медициналық білімі жоқ мамандар.
Магистрлік бағдарлама түлектері:
білуге:
- өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;
- халықтың денсаулық жағдайын және эпидемиологиялық жағдайын бағалауды ұйымдастыру;
- қоғамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және ұйымдастыру;
- медициналық көмек көрсету сапасын бағалауды ұйымдастыру.
істеуі тиіс:
- медициналық-әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер жүргізу;
- қоғамдық денсаулық сақтау саласында менеджменті ұйымдастыру, денсаулықты қорғау және жақсарту іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;
- медициналық ұйымдардың қызметіне жаңа медициналық-ұйымдастырушылық технологияларды ендіру кезінде қауіп-қатерін бағалауға қатысу;
- ғылыми-өндірістік және жобалау құжаттамаларын дайындау және рәсімдеу;
игеру:
- денсаулық сақтау ұйымдарында кәсіби мәселелерін шешу кезінде қазіргі заманғы білім және ғылым жетістіктерін пайдалану әдістерін;
- денсаулық сақтау ұйымдарында менеджмент саласындағы өзінің кәсіби қызметінің біліктілігін арттыру;
- өз қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін;
- кәсіби бағытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәтіндермен жұмыс жасауды.