Білім беру саласындағы менеджмент

Білім беру бағдарламасының мақсаты - білім беру қызметі  саласындағы басқарушылық қызмет атқарып отырған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз ету. 

Магистрлік білім беру бағдарламасының өзектілігі

Халықаралық стандарттарға сай, педагогикалық менеджмент саласындағы білім беру бағдарламасы Қазақстандық қоғамның жаңару аясында білім беру жүйесін басқарудың артып келе жатқан маңыздылығына негізделген. Осыған байланысты қазіргі заманғы жаңа типтегі басшыларды, білім беру менеджерлерін дайындауда өткір қажеттілік туындайды. Білім беру мекемелерінде (жалпы білім беретін мектептер, мекемелер, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру), сондай-ақ білім беруді басқару органдарында жоғары білікті басқарушы кадрлар тапшылығы сезіледі.

Магистрлік білім беру бағдарламасының мақсаты:

Педагогикалық білімі жоқ, білім беру мекемесінде басқарушылық қызмет атқаратын жоғары білімі бар талапкер, алған білімін іс тәжірибеде қолданып, білімін арттырады.

Магистрлік бағдарламалар түлектері тиіс:

білуге:

кәсіби басқарушылық педагогикалық міндеттерді атқару үшін  білім және ғылымның қазіргі мәселелерін;

- білім беру процесінің сапасын бағалау және диагностикалау үшін білім беру қызметін ұйымдастырудағы заманауи технологиялары мен әдістерін;

- білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда педагогикалық нәтижелерді және материалдарды пайдалану, талдау ерекшеліктерін;

істей білу:

білім беру ұйымдарының қазіргі жағдайын зерттеу;

- әлеуметтік басқару саласындағы ақпараттық-ресурстық базасын қалыптастыру;

- стратегиялық және жедел талдау кешенді әдістерін пайдалану арқылы басқарылатын жүйені және оның макро-микроортасының жай-күйі мен әлеуетін зерттеу;

игеру:

  • басқарушылық педагогикалық қызмет саласында кешенді зерттеу әдістерін пайдалану;
  • білім беру мекемесінде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру стратегиясын дайындау;
  • ұстамдылық сақтауға және эмоционалдық жай-күйін басқара алу, сондай-ақ стресстік жағдайда тепе-теңдікті сақтай алу.

Son değiştirme: 30 November 2016, Wednesday, 09:19