Кәсіпкерлік құқығы

Білім беру бағдарламасының мақсаты -  бұл бағдарлама кәсіпкерлік қызмет саласындағы шағын және орта бизнес ұйымдары деңгейінде  құқықтық реттеу бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастыру үшін магистрлерді дайындауға негізделген.           

Өзектілігі Қазақстан экономикасында кәсіпкерлік қызметтің рөлі (шағын және орта бизнес) және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы мамандардың аздығы. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметінің түрлілігіне және  құқықтық реттеу  саласының ерекшелігіне негізделген.

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы ең алғашқы мамандандырылған бағдарламалардың бірі.

Магистрлік бағдарлама мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің жалпы сипатына негізделген кез-келген бакалавр білімі бар (биологтар, экологтар, байланыс және басқалары) мамандар. Оқыту барысында құқық теориясы, азаматтық құқық курстары оқытылады.

Магистрлік бағдарлама түлектері тиіс:

білуге:

- кәсіпкерлік қызметті және жанама салаларында заманауи отандық және халықаралық заңнамаларды;

- кәсіпкерлік қызметті қолдау аясындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарын;

- кәсіпкерлік қызмет салаларында құқықтық реттеу ерекшеліктерін.

істей білу:

- құқықтық құжаттар (арыз, келісім-шарт, өтініш, талап және т. б.);

- клиенттердің мүддесін қорғау;

- жағдайды талдау және шешу.

- игеру:

- мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор өкілдерімен қарым-қатынас жасау, берілетін ақпаратты талдау және оны пайдалану;

- іскерлік келіссөздерді жүргізу және әкімшілік ету дағдыларын қалыптастыру;


Son değiştirme: 30 November 2016, Wednesday, 09:18