Компьютерлік инженерия

Білім беру бағдарламасының мақсаты – IT саласында басқарушылық қызмет атқаратын бизнес-дағдыларын терең меңгеру мақсатында магистрлерді дайындау.

Магистрлік білім беру бағдарламасының өзектілігі

Халықаралық стандарттарға сай, ақпараттық технология саласындағы білім беру бағдарламасы түрлі сипаттағы ұйымдардың АТ ресурстарын сауатты басқару маңыздылығына негізделген. Осыған байланысты  әр түрлі ұйымдарда АТ ресурстар менеджерлерін дайындауда  қажеттілік туындайды. Әр түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінде ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті басқарушы кадрлар тапшылығы сезіледі.

Магистрлік білім беру бағдарламасының мақсаты:

Түрлі ұйымдар мен мекемелердің АТ құрылымдарда басқару қызметінің дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігін алатын жоғары білімі бар талапкерлер.

Магистрлік бағдарламалар түлектері тиіс:

білуге:

- бағдарламалық қамтамасыз ету үдерісін ұйымдастыруды әзірлеу және талдау;

- инфрақұрылымды пайдалану мен дамыту;

- жобаларды басқару;

-  есепке алу процесін ұйымдастыру (толық циклі: сатып алу-есеп-ауыстыру-есептен шығару).

істей білу:

- бизнес-процестерге байланысты топ-менеджерлермен  бірлескен жұмыстарға (бизнес-жоспарлау, қолдау, ақпарат алмасу және шешім қабылдау) ақпараттық қолдау көрсету;

-  ұйымда жүргізіліп жатқан жаңа және қолданыстағы  әзірлемелерді қолдау;

- бұрын жасалған  АТ инвестицияларын қолдау және олардың тиімділігін басқару, арттыру;

- АТ саласындағы кеңес берушілермен стратегиялық қарым-қатынасты қалыптастыру;

игеру:

- стратегиялық ойлауды;

- үздік коммуникациялық қабілеттерді;

- тұтынушыларға, өнім берушілерге бизнесті  жүргізуді жеңілдету және табыстылығы мен пайдалылығын арттыру үшін АТ кеңінен қолдану қамтамасыз ету;

- АТ-бөлімшелері қызметтерін өзара іс-қимылымен ішкі және сыртқы клиенттерді қамтамасыз ету мақсатында оларды тұрақты қанағаттандыру;

- жаңа жүйелерді нәтижелі пайдалану, барлық ұйым қызметкерлерін оқыту.


Son değiştirme: 30 November 2016, Wednesday, 09:16